«Статистика жүгінсек, Маңғыстау облысынан офтальмологиялық профильмен жедел емделуге жыл сайын көз ауруларына шалдыққан шамамен 1400 тұрғын басқа жақтарға барады. Көзді шел басу (катаракта) және глаукома бойынша оталар өте қымбат тұрады. Сондықтан осындай ота жасату тұрғындарға қолжетімді болуы үшін, жаңа бөлім ашу бастамасын көтердік. Тек зейнеткерлер емес, Қазақстанның кез келген жастағы барлық тұрғындары оларды тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көмегі жүйесімен біздің орталығымызда тегін жасата алады», - деп атап өтті «Нейрон» медициналық орталығының директоры Борис Чагай.
Бөлім 2015 жылдың тамыз айында ашылды. Ашылған сәтінен бастап 6 - 90 жас аралығындағы пациенттерге 165 ота жасалды.
«Біз көздің көру кемшілігін экзимер-лазерлік түзетуге арналған жабдықтарды сатып алудамыз. Осындай құрал-жабдықтар Батыс Қазақстанда жоқ. Құны шамамен 500-600 мың еуро. Оны сатып алу мәселесі «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша жасалған келісімшарт аясында шешілді. Оны алған соң, жасалатын оталардың тізімін айтарлықтай кеңейтеміз. Аталған жабдықтармен Батыс Қазақстанның үш облысының (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) тұрғындарына оталарды тегін жасай аламыз», - деп атап өтті Б.Чагай.
Бөлімде сондай-ақ коагулятор лазері мен облыстағы жалғыз YAG лазер бар. АҚШ-тан жеткізілетін экзимер лазер Батыс Қазақстанда бірінші жабдық болмақ.