Ақтауда кран мұнарасы діңгегінің сынуынан төрт адам зардап шекті

ТЖМ хабарлағанындай, Ақтауда "Астана -Лашын" ЖШС құрылыс нысаны аумағында 3 наурызда 15 сағат 30 минутта кран мұнарасының биіктігін 15 метрге дейін көтеру кезінде (7 қабат) оның діңгегі сынып, тұрғын үйдің үстіне құлады. Соның салдарынан төрт адам зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Тұрғын үй бұзылмады, бірақ газ құбыры 15 сантиметрге(диаметр 20мм) дейін майысты. Құбырдан газ шыққан жоқ", - деп атап өтті ТЖМ.