Орынгүл Сәтқалиева мен Нұрбек Сүйіповке «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Қос шенеунік жекеменшік компания төлеген қосымша құн салығын сол фирмаға заңсыз қайтаруға жәрдемдескен. Жалған құжат дайындап, қазынаға түскен 145 миллион теңгені салық төлеушінің қалтасына қайта салып беріпті. Департамент қызметкерлері қазір уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр.
Loading...