Ақтауда нанның бағасы бейберекетсіз қымбаттауда

Өткен аптаның жұма күнінен бастап, осы күнге дейін Ақтауда бірінші сортты 600 грамдық ақ нан құны 65 -85 теңгеге сатылып отыр. "Ақтау нан" сауда орындарында сатып алушыларға бұған түсіністікпен қарау жөнінде өтініштер ілініп тұр.

Алайда, баспасөз мәслихатында "Ақтау-Нан" ЖШС директорының орынбасары Алмаз Сатанов атап өткеніндей, сатылып жатқан нан құны өткен жылдағы деңгейде қалып 50 теңгені құрап отыр. "Ал қаланың түрлі сауда нүктелерінде нанның 65-85 теңгеге сатылып жатқанын біз қадағалай алмаймыз", -деп түсіндірді ол.

Облыстық статистикалық басқармасының бастығы Галина Иванованың айтуынша монополист болып отырған "Ақтау нан" ЖШС монополияға қарсы комитетінің рұқсатынсыз негізсіз, түсіндірместен нанның бағасын көтерді. "Олардан бірінші сортты ақ нанның бұрынғы 55 теңгелік бағасын қайта қоюды талап етіп, міндеттеме қою керек ", - деді ол.

Г. Иванова атап өткеніндей, статистикалық басқармасының жүргізіп отырған мониторингіне сәйкес бүгінде ұн бағасының шарықтауы болмаған. Баға көтерілмеген тек өнім түрлері өзгерді, яғни бағалар бойынша аздаған өзгерістер болды деген сөз. Бүгінгі кезде бағалар ауытқып 2 келінің құны 250 теңгені құрап отыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылы Азық-түлік корпорациясы мен бидай одағы Маңғыстау наубайшыларымен нан құнының тұрақталуы жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Азық-түлік корпорациясы мен Қазақстанның бидай одағы жетекшілерінің келіссөздері нәтижесінде Маңғыстау облысына бір келі ұнды 60 теңге құнымен жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сол кезде наубайшылар 500 грамдың нанды 50 теңгеге шығаратыны жөнінде міндеттемені қабылдаған болатын. Алайда, қаланың сауда орындарында ақ нанның бағасы 60 теңгеге сатылып отырды.