Ақтауда нөсер жаңбыр қозғалысты қиындатты

Табиғаттың тосын мінезінен кеше тал-теректер жапырыла құлап қалған еді. Бүгін көлік қатынасы қиындап кетті. Қаланың орталығындағы мына жол арқылы инженерлік желілер өтіп жатыр. Жаз айларындағы жөндеу кезінде шұңқырдың беті жабылғанымен, толассыз жауған қар мен жаңбыр сонда жиналып, бүгін опырылып қалды. Коммуналдық қызмет көшеде көл болып жиналған суды сорғызып алуға үлгерер емес. Ақтаудағы жол жиектерінде жауын суын ағызып алып кететін арықтар мүлдем жоқ. Асфальттың астына суағарлар өте сирек орнатылған. Салдарынан жауын-шашын сайын жолдарда осылай тізеге дейін шалшық су жиналып қалады.


Амангелді Аяпов, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Соған машина бел ортадан кіріп жатыр. Енді қара машинаны балшық қылады, асты түгел шіриді. Водовозбен су сорып жатқанын, именно микрорайон ішінде көрген жоқпын...