Ақтауда нөсер жауыннан соң көшелерді су басты

Сондай-ақ, 13-ші шағын ауданда үйдің алдындағы ағаш тоқтап тұрған көлікке құлағаны белгілі болды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жауған жауын-шашынға байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Көшелерден су соруға 15 жұмысшы шығып, олар бес мотопомпа, бір қазандық, бір газель көлігін пайдаланған.

Су тарту жұмыстары күндіз де жалғасты. Оқиға орнында "Қала жолдары" ЖШС мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 55 қызметкері жұмыс істеуде. 14 мотопомпа, үш қазандық және үш газель тартылған.