«Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем бригадасы баланы дереу ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.
Облыстық балалар ауруханасынан хабарлағандай, оқ баланың кеуде тұсынан тиген. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Баланың жалпы жағдайы туралы әзірге мәлімет берілген жоқ.
Оқиға орнында Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс жасауда. Тәртіп сақшылары әзірге оқиғаның мән-жайына қатысты еш түсінік бермеді.