Ақтауда «Оралу» фильмінің тұсаукесері өтті


Бұл фильм туған жерге, отанға деген махаббаттың материалдық құндылықтардан жоғары тұратындығын көрсетеді. Түсірілім Астана, Алматы және Алматы облысы Тұрар ауылында өтті. Фильмді «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясымен бірлесіп түсірген.