Ақтауда өрт салдарынан бір бала қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті

Өрт 3А ықшамауданындағы бір көп пәтерлі тұрғын үйде шыққан. Өрт 20 шаршы шақырым аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтаған кезде үй ішінен бір жасар шамасындағы қыздың мәйіті табылды. Оның үш жасар әпкесі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 1 сағатта сөндірді.