Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған өртке қатысты түсініктеме берді.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Толық мәліметтер кейінірек беріледі", - деді ведомство.
Облыстық полиция департаменті өрт сөндірушілерге 50 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 50 жауынгері, 10 автопатруль, төрт эвакуатор және бір манипулятор жұмылдырылғанын айтты.