Ақтауда Өзбекстаннан келген мигранттардан ақша талап еткен көші-қон полициясы қызметкерлері сотталды

Ақтау қалалық соты жемқорлық қылмысқа қатысы бар деп айыпталған көші-қон полициясы қызметкерлеріне үкім кесті.


           Қос полицей Өзбекстаннан келген гастарбайтерлерден пара алды деп танылып, әр қайсысына жеті жылдан жаза кесілді. Сонымен қатар, олардың мүлкі тәркіленетін болды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
           Іс материалдарына сүйенсек, көші-қон полициясы қызметкерлері құрылыс саласында жұмыс істеу үшін Ақтауға келген өзбекстандық азаматтардың әр қайсысынан 15 мың теңге талап еткен. Есесіне құжаттарын тіркеп, оларға қамқорлық жасауға уәде беріпті.
           Полицейлер ақпан айында қылмыс үстінде қолға түскен болатын.