Ақтауда пара алып жатқан дәрігер полицияны көргенде талып қала жаздады


Кабинетіне сау етіп кірген қаржы полицейлерін көріп, ақ халаттының өзі тала жаздады. Алақанына жұққан ақ ұнтаққа қарамастан, «ақшаны алғаным жоқ» деп азар да безер. Сөйтсе, дәрігер параны бөлмесінің бұрыш-бұрышына тығып үлгерген екен. Жүрегі ауыратын қарияға онсыз да тиесілі квотаны сатпақ болған басшыны науқастың туыстары ұстап берген. Қазір дәрігерге қатысты іс қозғалып, ауруханадан біржолата қуылды.