Кеңеске аймақтық ұлттық мәдени орталықтардың басшылары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстық Кіші Ассамблеялар өкілдері , Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Әлиев пен ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің өкілдері қатысуда.
Семинарда Қазақстан Халықтары ассамблеясының стратегиясын дамыту бағытында мемлекеттік мекемелер, министрліктер мен ұлттық мәдени орталықтардың алдында тұрған өзекті міндеттер мен стратегияны дамытудың болашағы, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңды жүзеге асыру қорытындысы сарапқа салынуда.
Сонымен бірге, кейбір облыстардағы мемлекеттік мекемелер мен ұлттық мәдени орталықтардың өзара қарым-қатынас тәжірибесі мен Кіші Ассамблеяларды ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады деп жоспарланған.
Бұл күндері облыста 19 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Оталықтардың мүшелер саны 4240 адамды құрайды.