Ақтауда Қазақстан -Қытай газ құбырының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

"ҚазМұнайГаз" "Қытайдың ұлттық мұная корпорациясы Қазақстандағы Интернационал" ЖШС арқылы Қазақстан -Қытай магистральды газ құбыры құрылысының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберді,деп хабарлайды қолданбалы экология агенттігі.

Тыңдауларда "Қазақстан -Қытай магистральды газ құбыры құрылысына жұмсалатын инвестициялардың негіздемесінің" жобасы жұртшылық назарына ұсынылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан - Қытай газ құбырын екі кезеңмен салып бітіру межеленген. Құбырдың бірінші кезегін 2009 жылы тартып аяқтау жоспарлануда. Газ құбыры Өзбекстан шекарасынан Шымкент арқылы Қорғасқа өтеді. Оның қуаттылығы жылына 40 млрдқа жуық текше метр газды құрайды. Кейінірек екінші учаскені - Бейнеу - Бозой - Самсоновканы салу жоспарланған. "Екінші учаскенің қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрді құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы жылдың 8 қарашасында АСтанада ҚМГ мен CNPC Қазақстан - Қытай газ құбыры құрылысының негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды.

Жобасы жүзеге асыру транзитті газды Қытайға жеткізуге және Қазақстан газының экспорттық бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.