Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар туралы сала қызметкерлері мен студенттерге «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақпараттық қоғамы Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов айтып береді. -
Семинарды Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырады.
Анықтама үшін:
«QDigitalInform»-қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба.Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.