Бұл туралы tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған ақпарат бойынша, 12 қазанда сағат 08:46-да 103 диспетчер пультіне 15 шағынауданы 18 үй мекен-жайынынан қоңырау келіп түсті.
"Куәгерлердің айтуынша, қоқыс контейнерінің жанында әйел ессіз жатқан. Жедел медициналық көмек бригадасы шақыру орнына 08: 47-де шықты. Олар келген соң матрацтағы әйелдің мәйіті табылды. Әйелдердің жасы шамамен 50-55-те. Өлімнің себебі белгісіз. Дәрігерлер биологиялық өлімді анықтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.