Теміртай Ізбастиннің айтуынша, Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің өкілдігін ашумен байланысты барлық дайындық жұмыстары аяқталған. Жақында Ақтау қаласына өкілдіктің жұмысының басталуы үшін СІМ Консулдық қызмет департаментінің қызметкерлері келмек.
Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстау облысының аумағында "Жер - Теңіз - Аспан" интеграцияланған инвестициялық жобасы жүзеге асырылуы үстінде. 2006 жылдың наурыз айында жобаның Астана қаласында таныстырылымы өткен және ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болған болатын.
"Ірі инвестициялық жобалардың көпшілігі шетелдік серіктестермен белсенді жұмыс жасауды талап етеді. Бұлар халықаралық деңгейдегі жобалаушылар мен сарапшылар. Маңғыстау облысын Каспий теңізі аймағының іскерлік және ірі туристік орталығына айналдыру бойынша идеяларды жүзеге асыру инвесторлардың қатысуынсыз мүмкін емес. Ақтау қаласында виза алу және мемлекетке кіру-шығу құжаттарын рәсімдеу бірлескен жұмыстарды айтарлықтай жеңілдетеді", - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.