Ақтауда ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық департаментінің өкілдігі өзінің жұмысын бастады

Оның сөздері бойынша, Маңғыстау облысы аумағына келетін шетелдік азаматтар бір жерде барлық құжаттарды толтырып, елге келу және елден шығу визаларын алатын болады.

К. Қожамбердиев атап өткеніндей, бұрын құзырлы органдардың келісімін алып қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін бір ай уақыт кететін. Енді аймақта көп жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен шетелдік азаматтар ашылған өкілдік арқылы тиісті құжаттарды 5-10 күн аралығында алуға мүмкіндігі болады."Бұның бәрі шетелдік инвесторлардың Қазақстан мен Маңғыстау облысына келуін жеңілдету мақсатында жасалып отыр", -деп атап өтті ол.

Ол хабарлағанындай, Маңғыстау облысына келетін шетелдік азаматтар Ақтаудың әуежайында визаларды рәсімдей алады.