Ақтауда құйма зауытын салу жоспарланып отыр

Болашақ кәсіпорын шикізат ретінде металл қалдықтары мен сынықтарын пайдаланады. Қазірдің өзінде бірқатар фирмадан металл сынықтарын өңдейтін жабдық беруге ұсыныс келіп түсті, деді Ә.Көшеров.

Зауыттың бірінші кезегі 2005-жылғы жазда пайдалануға беріледі. Болашақта зауыттың екінші кезегі пайдалануға берілу нәтижесінде түрлі пішінде металл қапталдар өндіру көзделген.
Ә.Көшеровтың айтуынша, химия, мұнайгаз, құрылыс және газ өңдеу кәсіпорындары мен транспорттық құбыр өндірістеріндегі жабдықтардың ескіруіне байланысты осындай зауыт салу қажеттігі туындап отыр.
Ә.Көшеровтың пікірінше, облыста екі бірдей машина жасау зауытының болуы қазіргі бар өнеркәсіптік инфрақұрылым негізінде зауыттарда жұмыс істейтін кадрларды іске жеге отырып, құйма зауытын құрастыруға мүмкіндік береді.