Ақтауда құлқын қамын күйттеген депутат қолға түсті


Мемлекетке тиесілі жерді өз меншігіндей саудалап, пайдаға кенелмек болған депутат таңбаланған ақшаны қолына алған кезде кісенделді. Қайыржан Аргенов өзінің қызметін 3 миллион 800 мың теңгеге бағалапты. Ол аталған сомаға 200 шаршы метр жерді бөліп беруге көмектесем деп уәде еткен. Қызметтік лауазымын асыра пайдаланған шенеунік 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, парақорды ұстауға көмектескен кәсіпкер енді жер телімінсіз қалса да, оған мемлекет тарапынан сыйақы төленетін болады.