Ақтауда салмағы 6 келіден астам сәби дүниеге келді


Сәбидің салмағы – 6 келі 100 грамм. Бұл – соңғы бес жылда алғаш тіркелген дерек, деп хабарлады 24.кз. Мұнайлы ауданының тұрғыны алтыншы рет құрсақ көтеріпті. 7 қарашада толғатып, облыстық перзентханаға жеткізілген. Қазірде ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. 37 жастағы әйелдің қалған перзенттері де 4-5 келі салмақта туған көрінеді.