Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, кеше көрме орталығының 4 қабатты ғимаратындағы құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде "үйдің болат қаңқасының сол жақ қанаты құлап қалған".
Үйіндіні аршыған кезде оның астынан үш адам шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Олардың бәрі де ауыр жағдайда. Ғимарат қирағаннан үш сағаттан кейін бір қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды. Оның аты-жөні әзірге анықталған жоқ.
"Үйіндіні аршу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 78 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке қрамының 21 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.