Ақтауда сарбаздарды ұрған командир абақтыға жабылуы мүмкін

Оқиға қаңтар айының ортасында болыпты. Жас сарбаздарды төпелеп ұрғандар – бір ротаның командирі мен оның қоластында келісім-шартпен істейтін 3 әскери қызметкер екен. Олар жас сарбаздарды бұйрықты орындамағаны үшін соққыға жыққан көрінеді. Қазір бұл төртеуіне қатысты «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Егер айыптары дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктілердің барлығы әскери қызметтерден түгел шеттетілген. Тіпті олардың екеуі өз кінәсін мойындап та қойыпты.

Талғат Жәлеков, Батыс аймақтық әскери тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

-Қалай ұрып жатқандарына мән бермеген де. Біреуін қойма бөлмесінде, екіншісін киім үтіктеу бөлмесінде, ал үшіншісін жуыну бөлмесінде соққыға жыққан. Әрқайсысы әр түрлі уақытта және әр түрлі жерде. Алайда, барлығы бір күнде болған.

Loading...