Ақтауда шаруа қожалығындағы өрт салдарынан 19 жылқы өртенді

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, өрт 12-шілдеде жеке меншіктегі "Айнагүл" шаруа қожалығының ат қорасында шыққан. 18 сағат 11 минутта өрт 600 шаршы метр аумақта шыққан, соның салдарынан 19 жылқы жанып кетті. Қазіргі жағдаймен материалдық шығын көлемі есептелген жоқ. Өрт ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасының күшімен 20 сағатта сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті