Ақтауда «Скат» әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті (ВИДЕО)

Нақтырақ айтқанда, бүгін Астанадан сағат 18:18-де ұшып келген ұшақ әуежайда өртеніп кетті.

Жергілікті lada.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай ұшақ келіп қонғаннан кейін, ұшу-қону алаңында болған. Экипаж мүшесі немесе техникалық қызмет көрсетушілер тарапынан жасалған әрекеттен кейін ұшақ жана бастаған. Өрт бірден сөндірілді.


Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.