Ақтауда суға кеткен ағайынды бауырлардың екіншісінің денесі табылды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баланың денесі "Шора" аумағынан табылды. Ағайынды балалар осы жерде суға түскен. 

10 жасар бала Әбуғали Еркебұланның денесін су арнасына жақын жерден "Сартас" кемесінің капитаны Сергей Григорьев байқаған. 

Еріктілердің іздеуші отряды баланың денесін 11 шілде күні кешкісін шығарды. 


Айта кетейік, бұған дейін ағайынды екі бауыр суға кетіп, денесін бірнеше күн бойы іздестірілді. Олардың 25 жастағы Серік Төлбай мен 10 жастағы Еркебұлан Әбуғали екені анықталды. Үлкен бауырының денесі 10 шілдеде табылды.