Ақтауда суға қыз кеткен қыз табылмай жатыр

Оқыс оқиға сенбі күні қаладағы жағажайлардың бірінде болды. Суға кеткен қыз танысы екеуі скутерге отырып серуендеп жүрген екен.  Теңіздегі бұрылыстың бірінде квадроцикл аударылып кеткен. Құтқарушылар жігітті құтқарып қалғанымен, қасындағы серігін сол күйі таба алмады. Бүгін тіпті құтқарушылар тікұшақты да ұшырып, әуеден шолып шықты. Бірақ әлі нәтиже жоқ.    


Айбол Жұмашев, Ақтаудағы құтқару станциясының бастығы:

-Кекілбаев Ғабит деген 88 жылғы азаматты құтқарды. Жанында азаматша Қазиева Гулбану болган. Ол карындас көмек келгенше батып кеткен. Олардын екеуінің де үстерінде құтқару жилеттері болмаған.