Ақтауда тағы бір сарбаз өз-өзіне қол салды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға болған жерде ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өз-өзіне қол салудың мән-жайы анықталуда. 

"Алдын ала деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болады", — деп жазылған хабарламада.