Ақтауда таксидің бағасы қымбаттап кетті

Таксопарктегілер мәжбүрліктен осындай шараға барыпты. Газ мәселесі шешім табысымен, бұрынғы баға қайта орнына келеді дейді. Қазір тасымалшылар   қып-қызыл шығынға батқанымен, бәрі бұған түсіністікпен қарауда. Маңғыстауда осымен бір апта бойы газ жетіспей жатыр. Жанармай бекеттері жабылып, ал жұмыс істеп жатқан станцияларда жұрт ұзын-сонар кезек түзілуде. Әкімдіктегілер бұған жанармай жеткізушілердің оны басқа облыстарға, тіпті өзге елдерге сатуы себеп болғанын айтуда.