Ақтауда теледидар лақтырып баланы мүгедек қылған адам айтқанынан айнып қалды


- Лақтырғанмен емес . Ол мүмкін емес қой.

- Теледидарды жел ұшырып өзі құлады ма сонда?

 - Білмеймін. Ішкі Істер бөлімі іздесін кінәліні.

Төбеден түскен теледидарға қатысты сот отырысы бүгін басталуы тиіс болған. Алайда адвокаттың келмеуі себепті кейінге қалдырылды. Күдікті Юрий Халан да адвокаты жоқта алдыңғы берген жауабынан айнып шыға келді. Тіпті баланың анасынан кешірім сұрайтын ыңғай танытып та отырған жоқ. Ал, бір айға жуық ес-түссіз жатқан кішкентай Ислам ауруханадан шыққан. Дегенмен енді өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін. Қазір нәрестенің көзі көрмейді, денесінің бір жақ бөлігі жансыз. Жүгіріп жүрген ойын баласының аяқ асты төсекке таңылуына 8-ші қабаттан лақтырылған теледидар себеп болған. Күдікті ұсталған кезде ескі затты далаға шығарып тастауға ерінгенін мойындаған еді.