Ақтауда теңіздегі қызметтестерін өлтірген әскери қызметші ұзақ жылға сотталды

Ол қызметтестерін өлтіргендігі, үйді әдейі өртегендігі үшін жалпы алғанда 23 жылға сотталды, жазасын қатаң режим колониясында өтеуге тиіс, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Оның мүлігі конфискіленеді.

Сот процесі Ақтауда әскери-теңіз институтының акт залында өтті. Үкімді Астананың арнайы ауданаралық әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Аскар Қайыров жария етті.

Істің материалдарына қарағанда, 23 жастағы жігіт биыл мамыр айында екі қызметтесін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген. Оның біріне 15 рет пышақ салыныпты. Үшеуі де N25744 бөлімшесінде келісімшартпен қызмет еткен.


Тергеу барысында қылмыстың қарызға бола жасалғаны анықталды.