Ақтауда тұл жетім келіншек пәтерді сот арқылы алмақ

34 жастағы Светлана Обручкованың 10 айлық баласына ботқа сатып алуға жағдайы жетпейді. Оны да көршілері жеткізіп беріп жүр. Тоңазтқышта жатқан бір жапырақ бауыр 12 жастағы қызы екеуіне біраз талғажау. Светлананың өзі 3-ші топтағы мүгедек. Қазіргі күнкөрісі 18 мың теңге жәрдемақы ғана. Сол көзінен балалар үйінде жүргенде айрылған.

Светлана Обручкова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Серік Оспанов қала әкімі болып тұрған кезде осы бөлмені берді. Содан бері 15 жыл өтті. Бұл негізі жеке пәтер иелері кооперативіне тиесілі. Кооперативтегілер босат деп отыр. Сонда мен 2 баламмен қайда барамын?

Қалалық әкімдіктегілер Светлананың жетім бала ретінде үй кезегінде жоқ екенін айтады. Тек 2007 жылы жалғызбасты ана болып тіркелген. Ал егер сол тізімге енгісі келсе, сотқа шағымданып, балалар үйінің түлегі екенін дәлелдейтін құжат әкелуі тиіс екен.


Сағынғали Амангелдиев, Ақтау қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Жетімдер санатында 427 адам бар ғой. Ол 428-ші болады. Бірақ 2007-ден бастап кезегі орнына келеді. Ол кезде 2007-де 31 шілдеде бердім дейді ғой, сол 30-шілдеде кім берді, содан кейін тұрады ол кісі...

Биыл Ақтауда 36 жетім балаға пәтер берілмек. Олардың алды кезекке Светланадан кейін тұрған екен.

-Тұрғын үй қатынасы туралы заң бойынша пәтерді тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана кезексіз ала алады. Одан кейінгі басымдылыққа балалар үйінің түлектері ие. Светлана Обручкова әкімдіктің өзін осы құқықтан айырғанына наразы. Қамқоршысы жоқ деп басынып отыр деп налиды ол. Содықтан 15-жыл бұрынғы кезегін қайтарып беруді өтініп сотқа да, прокуратураға да арызданбақ.