Caravan Logo

Ақтауда түрік рейсінен 22 келі контрабандалық зергерлік бұйымдар табылды

Ақтауда түрік рейсінен 22 келі контрабандалық зергерлік бұйымдар табылды

«Ыстамбұл-Ақтау» №812 авиарейсінің жолаушыларының қол жүктері мен жүктерін рентген-аппаратымен тексеру барысында 27 жастағы ҚР азаматшасынан декларацияланбаған және кедендік бақылаудан жасырылған зергерлік бұйымдарды тапты: сары түсті металлдан жасалған - 1435 бұйым, ақ түсті металлдан жасалған - 1379 зат және қара түсті металлдан жасалған 113 бұйым анықталды. Олардың жалпы салмағы 22 келіні құрады.

Осылайша, Ш. есімді азаматшаның әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 209-бабында (Экономикалық контрабанда) көрсетілген қылмыстың белгілері байқалды.

Қазіргі уақытта контрабандаға қарсы күрес басқармасы тексеру және процессуалды іс-шараларды жүргізуде.