-Менің баламды өлтірді, кім кінәлі?! Неге келді менің үйіме, сен неге келдің?!
Айыпты Жұмабек Ибрашевтің сотта кінәсін мойындамауы Гүлмира Сатиманованы әбден ашуға булықтырды. Бұған дейін ол үйіне бірнеше рет келіп, кешірім сұрап, ат-тон айыбымды өтеймін деген екен. Алайда 63 жастағы азамат сөзінен тайқып кеткен. Дегенмен, көлікке жасалған сараптамалар мен куәгерлер арқылы 4-ші сынып оқушысы Қадыржан Сатимановты Ибрашевтің қағып кеткені дәлелденіпті. Бұл қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында болған. 10 жасар Қадыржанды үйінің маңындағы жолда көлік соғып, ол ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ал балаға ажал құштырған адамды полиция 1 айға жуық іздеген болатын. Енді ол 3 жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізеді. Ал марқұмның туыстары болса оның жазасын қатайту үшін қайта шағым түсіріп, 100 миллион теңге моральдық шығын талап етпек.
Гүлмира Сатиманова, марқұмның анасы:
-Мына соттың шыққан үкіміне мен разы емеспін.Менің жалғыз түйір баламды, жалғыз ұрпағымнан айырды. Менің жасым 40-та, мен енді бала туа аламын ба, туа алмаймын ба?!
Loading...