Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты тергеу аяқталды

ҚазАқпараттың жазуынша, сотқа дейінгі тергеу прокурордың қарауына жіберіліп, содан кейін сотқа жолданады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді», – деп мәлім етті Маңғыстау облысының Полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынауданда 36 жастағы ер адам жеті, тоғыз және он екі жастағы үш баласын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген болатын.


Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.