Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні кешқұрым болыпты. 42 жастағы еркек тұрмыстық техниканы көп қабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Теледидар өтіп бара жатқан баланың үстіне түсіп, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
«Күдікті айыбын мойындады. Оның үстінен абайсызда біреудің денсаулығына залал келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Болған оқиға туралы мына жерден оқыңыздар.