Ақтауда жантүршігерлік апат болды

Оқиға таңертең көлік қарасы аз кезде болған. Пойыз жолымен өтіп кетпек болған «Газельдің» сау тамтығы қалмапты. Темір жол көлігі оны біраз жерге дейін сүйреп апарып, түгелдей майыстырып жіберген. Рельске шығып кеткен «Газельдің» жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды. Ер кісіге сол жерде көмек көрсетілсе, жолаушы әйел ауруханаға жеткізілді.  

Амандық Нұрлыбеков, машинист:

-Мына бекетке жақындағанда тұрды газель. Ана жерде келіп қалған кезде жүріп кетті.