Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оқыс оқиға таңертең Ақтау қаласының орталық көшесінде болған. Медициналық көлікті жол қиылысында Тойота өткізбей алдын орап кетіпті. Салдарынан жедел жәрдем жеңіл көлікті соғып барып аударылып қалған. Науқасқа асыққан фельдшер мен тәжірибеден өтіп жүрген 2 студентті және жүргізушінің өздерін дереу ауруханаға қайтаруға тура келді. Басынан жараланған дәрігер қазір әріптестерінің бақылауында. Ал жеңіл көлік жүргізушісі дін-аман. Айтуынша, жедел жәрдем дабыл белгісін қоспай, қызылға өткен.


Жандос Сарыбеков, көлік жүргізушісі:

-Ешқандай дыбысыз келіп соқты. Мен өзім жасыл түске жүріп келе жатқам. Жедел жәрдем көлігі қызылдан өтіп соқты.