Ақтауда жеке меншік баспахана өртеніп кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп қабатты тұрғын үйде орналасқан баспаханадағы өрт 7-сәуір күні түнде болған. Өрт сөндірушілер оқыс оқиға орнына 5 сағат 10 минутта келген. Баспахананың есігі бұзылған екен. Өрт кезінде жиҺаз, қағаздар мен орталық холл өртеніп кетті. Жалын жалпы 10 шаршы метр аумақты шарпыды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Өртті сөндіруге атсалысқан мамандар қасақана өрт жіберілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті