Ақтауда жеті жасар баланы жарақаттау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

«Ақтау ІІБ тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі 257-бабы (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Ал, жарақат алған бүлдіршін операциядан кейін есін жиды.

Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімі меңгерушісі Бауыржан Мұқасановтың айтуынша, баланың арқасына тиген оқ өкпесін де зақымдаған.

Дәрігердің пікірінше, жарақат орнынан алынған оқ «Қытайда жасалған пневматикалық қаруға тиесілі» болуы мүмкін.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, қансырап жатқан баланы дүйсенбі күні кешқұрым көп қабатты үйдің ауласынан тұрғындар тауып алған болатын.