Видеода екі әйелдің арасында жанжал шығып, бірін бірі итеріп, шашынан тартқаны түсірілген. Оларды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар ажыратуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада"-ға сілтеме жасап.
ИнАктау порталының мәліметінше, оқиға 26 мамырда сегізінші ықшамауданындағы "Медеу" дүкені маңында болған. Сатушылардың айтуынша, сол күні Түркменстан азаматшасы жұмысқа орналасуға келген. Әйелге жұмыс орны бос еместігі, қызметкерлердің жеткілікті екені айтылған, алайда әйел осыны жүрегіне қатты қабылдаса керек.
"Ол бізді балағаттай бастады. Сосын жұдырық ала жүгірді", - дейді дүкен қызметкері.
Куәгерлер төбелескендерді ажыратуға асыққан, алайда ер адамдарға төбелесіп жатқан екі әйелді ажырату оңайға соқпады. "Біздің бір сатушымыздың беті ісіп кетті, ол полицияға арыз берді", - дейді сатушылар.
Оқи отырыңыз:
Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр
Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды
Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды