Ақтауда жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды


Жүрісі суыт жүргізуші алды-артына қарамастан бірден қарама-қарсы бағытқа  шыққан. Оның бұл әбес әрекеті бейнекамераға түсіп қалыпты. Жылдамдықты жаны сүйетін жігіт алысқа ұзай алмады. Қарсы алдынан шыққан көлікті айнала бергенде, тізгінге ие бола алмай бағанаға барып соғылды. Қақ бөлінген көлік енді жөндеуге де келмейді. Ал жүргізушісі өмір мен өлім арасында жатыр.