Ақтауда жүргізушілер бензин таппай тағы көше кезіп кетті

Маңғыстау облысында бүгінге дейін жұртшылық құйып келген бензинді табу қиынға соғып, жүргізушілер қаланы шарлауда. Сұранысқа ие бензин маркасы сатылымға шықпай қалған. Тіпті бекеттердің басым бөлігінде талонмен де жіберілмей жатыр. Жанармайдың қымбатырақ түрлері де барлық жерде сатыла бермейді. Енді жанармай қашан келетіндігін ешкім ашып айта алмай отыр. Жергілікті билік өкілдері де жағдайдың қашан оңалатындығын білмейтіндігін алға тартуда.