Оның айтуынша, "Атолл" АҚ Қазақстан даму банкіне өндірісті дамыту үшін 30-35 млн. доллар қаржы бөлу туралы өтініш берді.
Болашақ өндіріс жылына 250-300 мың тонна битум өндіруге тиіс. "Бұл - кәсіпорында іске асырылғалы отырған кезекті жоба",- деді Н.Әбдуов. Жалпы алғанда зауытта мұнайхимиясының кең көлемді өнімдер түрін шығару көзделген. Соның ішінде өз шикізаты - стирол да бар. "Алдағы жылдарда пластмасса зауыты Қазақстандағы химия өнеркәсібінің көшбасшысына айналады",- деді ол.
Бүгінгі таңда құрылыс битумы тек Павлодар мұнай өңдеу зауытында ғана шығарылады. Ресей шикізатынан өнім өндіретін бұл зауыт республикадағы сұранысты толыққанды қанағаттандыра алмай отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті