Ақтаудағы ТЖО-да жарылыс болды

Мәліметтер бойынша  алты газ баллоны жарылып кеткен. Бір әйел қаза тауып, үш ер адам жарақат алған, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өртсөндірушілер одан бөлек 17 газ баллонын шығарып үлгерген. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді. Жалпы, 50 шаршы метрді өрт шарпыған.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, 12 қаңтарда сағат 18:20-да Ақтаудағы ТЖО-лардың бірінде өрт шығып, алты газ баллоны жарылған.