Жолақтан өтпес бұрын балалар сәл аялдап, бірінші қатардағы көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп алған. Олардың сақтық әрекеті сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алайда, екінші жолақтан қатты жылдамдықпен келген «Нива» қос бүлдіршінді қағып өткен. Соққының қатты болғаны сонша балалар 20 метрге дейін ұшып кетіпті. Қайта, 20 секунд өтпей дәл сол жолмен кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі балаларды аурухаға жеткізген. Екеуі де хал үстінде жатыр.
Loading...