Ақтауды басқан қою түтіннің қайдан келгені белгілі болды

Тамара Малых, Ақтау қаласының тұрғыны:  

-Тыныс алу мүмкін емес. Терезелерді түгел жауып тастадық. Үйдің іші де, дала да сасып кетті.

Ақтауды басқан түтін тек таң ата сейіле бастаған. Алайда жағымсыз иіс күні бойы мүңкіп тұрды. Көпшілік «жергілікті кәсіпорындар мен зауыттар бізді улап жатыр» деп үрейленіп, төтенше жағдайлар департаментіне үздіксіз хабарласып жатыр. Ал ондағылар дереу зерттеу жүргізіп, облыс аумағынан ешқандай өрттің ошағын таппапты. Ақыры Ақтауға түтін Астрахань облысынан теңіз арқылы келіп жатқаны белгілі болды. Ресейліктер Камызяк ауданындағы өртенген қамысты 5 күннен бері сөндіре алмай жатқан көрінеді.

Loading...