«Өрт «Экотехникс» ЖШС қалдықтармен жұмыс істейтін кешеннің қоймаларының бірінен шыққан. Кешен әлі пайдалануға берілмеген. Жалын жалпы аумағы 200 шаршы метрді шарпып үлгерді», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Жұбантранссервис» ЖШС-не тиесілі «Камаз» көлігі де толық жанып кеткен.
«Бастапқы болжамдар бойынша, өрт мұнай қалдықтарын қоймаға құю барысында тұтанған болуы мүмкін. Адам шығыны жоқ. Өрт ауыздықталды», - делінген хабарламада.