Ақтаудың жаңа әкімін тағайындаудың соңы жанжалмен аяқталды

Алайда тағайындаудан соң Ақтаудың экс-әкімі жұмыстан облыс әкімі мәжбүрлеген соң кеттім деп отыр. Құқық қорғау органдары жан-жақтан тексеріп, жұмыс істеуге кедергі келтіріпті. Жаңбыршин сауға сұрап облыс әкіміне жүгінген екен. Алайда Алик Айдарбаев қолдау көрсетудің орнына, жұмыстан кет деген көрінеді. Қала активінің алдында сөйлеген бұрынғы әкім «облыс әкімі маған барлық жұмысты жасатып алып, еден жуатын шүберек сияқты лақтыра салды» деп базынасын да жеткізді. Сөйтіп, елден кешірім сұрап, орын тағын босатты.

Еділ Жаңбыршин, Ақтау қаласының бұрынғы әкімі:

-Сен жұмыстан кетуің керек, арыз жаз деді. Мен жаздым. Мен ауру емес, сырқау емес, менің денім сау, жұмыс істей  аламын. Бірақ мынадай жағдай болған соң кетіп бара жатырмын...

Loading...