Ақтаулық салықшы парамен ұсталды


Серікқали Ахметәлиев жергілікті ірі компаниялардың бірін тексерген екен. Соның қорытындысын оңды етіп беру үшін директорынан 4 миллион теңге талап етіпті. Салықшы үш бума ақшаны алып, көлігімен кете бергенде қаржы полицейлері қолына кісен салды. Енді елуді еңсерген шенді алдағы 12 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.